Атырау облысында 90 мың тонна мал азығы әзірленді
Биыл Атырау облысында қысқы мал азығын дайындау жұмыстары кеш басталды, деп хабарлайды 24kz.
Себебі тасқын су шаруаларды әбігерге салған. Қазір қажетті 552 мың тонна ірі сабақты мал азығының 90 мыңы ғана дайын. Дегенмен, науқан қазан айына дейін жалғасады. «Бұдан бөлек, өңірге керекті 44 мың тоннадан астам құрама жем көрші өңірлерден әкелінеді», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ресми өкілі.
Ақтілек Нұрбаева, Ауыл шаруашылығы басқармасының ресми өкілі:
- Атырау облысы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған қажетті ірі сабақты мал азығының көлемі 605 мың тоннаны құрап отыр. 2023 жылы, өткен жылдан қалған ірі сабақты мал азығының көлемі 52 мың тонна. Биыл соған 550 мың тонна ірі сабақты мал азығы жоспарлануда дайындалуы. Сондай-ақ қазіргі таңда өңірге қосымша мал азығы көршілес Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан тасымалданатын болады.