Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады
Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидпен кездесті, деп хабарлайды 24kz.
Онда тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ведомство басшысының айтуынша, бұл қадам халықаралық аудиторияға Қазақстанның экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени дамуын жан жақты насихаттауға үлкен мүмкіндік береді. Тиісінше, Euronews өкілдері қазақстандық журналистерге соның ішінде талантты жастарға әркез қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ кездесу барысында отандық телеарна қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту треннингтері мен шеберлік сыныптарын өткізу мәселесі талқыланды.