С. Есімханов Маңғыстау облысының энергетикалық кәсіпорындарында болды

С. Есімханов Маңғыстау облысының энергетикалық кәсіпорындарында болды
https://t.me/Minenergokz

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов алдағы жылыту маусымына дайындықты бақылау аясында Ақтау қаласындағы «МАЭК» ЖШС және «ҚЖСА» МКК жылу желілеріне барды.

Бекітілген кестеге сәйкес «МАЭК» ЖШС ЖЭО-1 №4 қазандық пен №4 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ЖЭО-2 № 4 қазандықты, №11 және 7 қазандықтарды жөндеу аяқталды. №3 қазандық пен №8 турбинаны жөндеу мерзімі жақындаған жоқ.

2024 жылға «КЖСА» МКК 3,2 км жылу желілерін күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта қажетті материалдар сатып алынып, жер жұмыстары басталды. Бұдан басқа, 12,3 км жылу желілерін ағымдағы жөндеу жоспарланған, оның ішінде 5,0 км немесе 40,6% жөнделді.

Ақтау қаласының магистральдық жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 2024-2026 жылдар аралығында 44 км магистральдық жылу желілерін кезең-кезеңімен қайта құру жобасы әзірленіп жатыр. Қазіргі уақытта бөлшектеу жұмыстары 85%-ке жүргізілді. Қажетті ТМҚ 60% жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тұрақты негізде энергия кәсіпорындарында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына мониторинг жүргізеді.

 

ҚР Энергетика министрлігі