«Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» жолы төрт жолақты болады
Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» жолы төрт жолақты болады.
Қазір аймақта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Нысан басында 120 маман мен 100 бірлік арнайы техника бар. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Жаңа төрт жолақты жол Хромтау қаласынан басталып, Ақжар ауылы мен Жазық бекеті арқылы өтеді. Бұл учаскеде 2 көпір мен 2 жол айырығы салынады. Құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыру үшін қосымша мамандар мен арнайы техника жұмылдырылады.