Жетісу облысында балабақшаларда бұрын сотталғандар жұмыс істеген

Жетісу облысындағы балабақшаларда бұрын қылмыс жасап, сотталған 11 адам жұмыс істегені анықталды.

Оған қоса мұнда мерзімі өтіп кеткен медициналық препараттар сақталып, тіпті кей бөбекжайдың санитарлық қорытындылары да жарамсыз болып шыққан. Өңірдегі білім мекемелерінің басым бөлігінде қарапайым қауіпсіздік ережелері дұрыс сақталмайтын көрінеді. Прокурорлар тексеріс жүргізіп, 200-ден астам бұзушылық анықтады. Әсіресе инфрақұрылымдық кемшілік өте көп. Мәселен, Сарқан, Қаратал және Панфилов аудандарындағы 12 балабақшаның жанында жаяу жүргіншілер жолағы мен «Балаларға» арналған белгі жоқ. Кей мекеменің аумағы қоршалмаған, бөгде адамдар емін-еркін кіре алады. Оның үстіне біраз мекемеде бейнекамералар істемейді, Өрт қауіпсізідігі де сақталмаған. Ең сорақысы, Ақсу ауданындағы 8 нысанда ішек таяқшалары бактериясы табылды. Бюджет жымқыру фактісі де бар. Нәтижесінде 40 адам әкімшілік, 7 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.