Мамандар: Маубас жапалаққа тиісуге болмайды
Қазір маубас жапалаққа тиісуге болмайды.
Адасып, ұясынан құлап кеткен деп ойласаңыз, қателесіз, дейді хайуанаттар бағының мамандары. Керісінше олардың қанаттары қатайып, ұясынан шығатын кезеңді бастан өткеруде. Сол себепті жалғыз жүрген балапанды алып кетуге болмайды. Қайта өздігінен тіршілік етуге мүмкіндік беру керек. Айта кетейік, Қазақстанда жапалақтың 13 түрі кездеседі. Олардың дене тұрқы 20 сантиметр, салмағы 130 грамдай ғана болады. Ал күзге қарай жылы жаққа ұшып кетеді. Елдегі биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы маубас жапалақты биыл жыл құсы деп атаған.
Назгүл Елдеева, хайуанаттар бағы жыртқыш құстар бөлімінің меңгерушісі:
- Қонақтап жүрген балапандарға адамдардың көмегі қажет емес. Өйткені жан-жағында ата-аналары қорғап жүретін болады. Адамдар тауып, балапан кезінде мұны тамақтандыруды білмейді , жеміс жидектерді беріп қоректендіреді не болмаса етпен қоректендіреді. Негізінде маубас жапалақтардың жейтін тағамдары балапан кезінен бастап насекомдармен қоректенеді. Мұндай тауып алған жағдайда отырған жерінде қалдыруға мүмкіндік қалдырыңыздар.