Автожол құрылысының сапасы
Биыл елдегі жол құрылысы саласында мамандар 5 мың тексеру жүргізді.
Олар 11 мыңға жуық материал үлгілерін іріктеп, сынақтан өткізген. Нәтижесінде 16 мың тонна асфальтбетон, 27 мың тонна инертті материал және 3 мың тонна битум талапқа сай келмеген. Мұндай олқылықтардың көбі Жамбыл, Түркістан және Абай облыстарында байқалды. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарын жүргізу технологиясы бойынша 2 мыңға жуық кемшілік анықталды. Соның әзірге 600-ден астамы жойылды. Ал қалғаны жобалардың мерзімі аяқталғанға дейін қалпына келтіріледі.
Автожол құрылысының сапасы
5 000 тексеріс жүргізілді
11 000 материал сыналды
Талапқа сай келмеді:
16 000 тонна асфальтбетон
27 000 тонна инертті материал
3 000 тонна битум
Құрылыс технологиясы:
1900 кемшілік анықталды
600 жойылды