Отандық туризмді дамыту жоспары қандай? LIVE

Былтыр елге 9 млн-нан астам турист келіпті. «Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 17%-ке артық», - дейді мамандар.

Ал биылғы мәлімет қандай? Қай елдің азаматтары Қазақстанға құмар? Салаға жауаптылардың ішкі туризмді дамытуға қандай жоспары бар? Осы және өзге де сауалдарға «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының ресми өкілі Әлішер Тұрсын жауап береді.

  1. Биылдыққа қанша қазақстандық шетелге саяхаттады? Өткен жылдарға қарағанда сыртқа саяхаттаушылар саны көбейді ме, азайды ма?
  2. Біздің елге келіп жатқан туристер саны қанша? Көбейді ме? Жалпы туристер біздің елге қандай мақсатпен келеді?
  3. Шетелдік туристердің басым бөлігі қай өңірге саяхаттайды?
  4. Қызмет көрсету саласына қатысты сын көп. Көп жерде қонақүй жетіспейді деген әңгімелер айтылады. Болса да қымбат. Ел ішінде қыдырғанан көрі шетелге саяхаттаған арзан деушілер де бар. Бұған не дейсіз?
  5. Ішкі туризмді дамыту үшін қандай іс атқарылып жатыр? Ел экономикасына мұнай мен автомобиль саудасынан кейін осы туризм кіріс әкеледі деген сөз бар. Бізде қалай?
  6. Туризмнің де түр-түрі бар ғой. Қысқы, жазғысынан бөлек, әсем табиғатты аралау, танымдық этно бағыт, Іскерлік-мәдени байланыс дегендей. Біздің елде қайсысы дамып, қай бағыт кенжелеп тұр?
  7. Жалпы ішкі туризмді дамытуға не кедергі? Не жетіспейді?
  8. Президент елдің нақты үш аймағына басымдық беру туралы тапсырма бергені белгілі. Олар Алматы тау кластері, Маңғыстау облысы және Бурабай. Бұл аймақтарды дамыту жоспары қандай?