Алматыда бір күнде 8000-нан астам вейп тәркіленді

Алматыда бір күнде 8 мыңнан астам вейп тәркіленді деп хабарлайды 24kz.

Күдіктілер тапсырысты қарапайым схема жүзінде, яғни, мессенджерлер арқылы онлайн қабылдап отырған. Әрі қарай сатып алушыға курьерлер арқылы жеткізген. Көлеңкелі бизнес иелері заңсыз тауарды көп қабатты үйлердің жертөлесі мен компьютерлік клубтарда сақтап, жасырын сатып келген.