Ақтауда алаяқтар 9 және 10 жылға сотталды
Ақтауда жалға алған тұрғын үйді арзан бағамен сатқан алаяқтар 9 және 10 жылға сотталды, деп хабарлайды 24KZ.
Олар өздерін уәкілетті тұлға ретінде көрсететін қылмыстық схема әзірлеген. Яғни, қымбат автокөліктер мен пәтерлерді уақытша жалдап, тәркіленген мүлік ретінде сатылымға шығарған. Ең сорақысы, 39 адам алаяқтардың арбауына түсіп үлгерген. Сан соғып қалған тұрғындар 1 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырады.