Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі 15 қыркүйекте аяқталады
Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі аяқталуына екі ай қалды, деп хабарлайды 24KZ.
Биыл заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары 15 қырқүйекке дейін декларация тапсыруға міндетті. Онда ел аумағындағы және оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар-жоғы жөніндегі былтырғы жылдың мәліметі көрсетіледі. Мұндай есепті 2,4 млн жеке тұлға тапсыруы тиіс. Жыл басынан бері міндеттілердің жалпы санының 46%-і декларацияны өткізді. Оның барлығы дерлік құжатты электронды түрде толтырған. Ал Қаржы министрлігі соңғы кездері азаматтардан сауал көп түскендіктен, түсіндіру жұмыстарына ден қойғанын жеткізді.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:
- Өңірлерде 200-ге жуық бөлімшеміз бар. Солар арқылы біз кеңес беріп жатырмыз. Егер түсініксіз болса, азаматтарға олар осы call-орталыққа жолығып немесе егер қосымша сұрақтар болса, әрбір аудандық бөлімшелерге, Мемлекеттік кірістер комитетінің органдары бар. Соларға барып кәсіби кеңес ала алады.