Қазақстанда мал санағы жүргізіледі

Келер жылы мал санағы жүргізіледі.

Қазір дайындық жұмыстары басталды.

Әдіснаманы сынақтан өткізу үшін тамызда пилоттық санақ үлгісі жүзеге асады. Жалпы мал санағы не үшін қажет?

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 31 тамызы аралағында онлайн режимде өтеді. Одан кейін 20 қыркүйек – 20 қазан аралығында елді мекендерді аралау арқылы жүргізіледі.

Сымбат Маратов, аграрлық сектор статистикасының басшысы:

- Шаруа  немесе фермер қожалықтары және үй шаруашылықтары бойынша статистикалық деректер ауылдық округтер әкімдерінің әкімшілік деректері негізінде қалыптастырылады. Статистикалық ақпараттың сапасы ауылдық округтер әкімдері жүргізетін әкімшілік деректердің сапасына тікелей байланысты. 

Сала мамандары кейде ауыл шаруашылығы кәсіп­орын­дары, жеке кәсіпкерлер мен фермерлер мал санын қосып, көбейтіп жазатынын айта­­­ды. Өйткені мемлекеттен көмек, субсидия алғысы келеді. Ал енді біреулер бар малын тіркеуден қашады. Себебі малы жоқ болса әлеуметтік көмек алуы мүмкін.Осындай себептерден шаруашылықтардағы мал есебінде айырмашылық көп. Ақпараттық жүйелердегі деректер бір - бірімен сәйкес келмей жатады. Сол үшін былтыр арнайы жұмыс тобы құрылып, тексеріс жүргізілген.

Сымбат Маратов, аграрлық сектор статистикасының басшысы:

- Үкіметтің тапсырмасы бойынша уақыт берілді мал мен құстың нақты санын айқындау үшін. Сол бойынша айқындалған деректерді бюро қайтадан қарастырып, жариялады. Атап өткен жөн, осы нақтыланған деректер бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары және үй шаруашылығы бойынша ірі қара мал басы 26 пайызға, қой мен ешкі басы 16 пайызға, үй құстары 38 пайызға кеміді.  

Жүргізілген есеп мал басының азайғанын көрсеткен. Енді санақ жүргізілсе өрістегі сиыр мен қой, даладағы жылқының нақты саны айқындалуға тиіс. Ұлттық ауышаруашылғы санағының пайдасы, егер иесі қорадағы мал санын дұрыс көрсетсе мемлекет тарапынан көптеген көмек алады. Мал санына қарай ветеринарлық екпелер тегін салынады. Табиғат апатынан өлген мал үшін өтемақы алуға да мүмкіндік бар.

Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Ветеринария туралы заңымыз бар. Онда 25 бапта жазған, жеке тұлға болса да, ол тіркелген юридический компания болсын. Ол  міндетті идентификация жасауға. Ол тіркелуге міндетті. Себебі тіркелмесе оған ветеринарный врач ем жасай алмайды. Екпесі жасалмайды. Ол айналасына қауіп алып келеді. Заңды орындамаған жағдайда Админкодекстің 406-бабы бойынша тиісті шаралар қолданылады. 

Алдағы тамыз айында ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу әдіснамасын сынап көру мақсатында «Пилоттық ауыл шаруа­шылығы санағы» жүргізіледі. Бұл сынақ-санақ 20 өңірдегі 54 елді мекенді қамтиды. 

Зарина Кәп, Абудлхамит Булекбаев