Солтүстікте мал басы 5% азайған

Ұлттық жоба экономикамыздың күретамыры іспетті аграрлық саланы бүге-шүгесіне дейін зерттеп, деректерді нақтылауға мүмкіндік туғызбақ.

Ал бұл елдегі ағайынға, қарапайым шаруаға не береді?

Бәйтерек ауылының тұрғыны Жұпархан Мұсабаев 150 қой, 30 сиыр мен азын - аулақ жылқы ұстайды. Төрт түлігі түгел тіркелген. Бірақ жайылымы жоқ. Сондықтан шаруа мал санағы жүргізіліп, әр басына бағатын жер берілсе дейді. 

Жұпархан Мұсабаев шаруа:

- Бұл ең бірінші керек шаруа ғой біз үшін. Ең бірінші қажетті шаруа ғой мал санағы жүргізу. Мал санағы, оған сәйкес жер болса. Жер болмағаннан кейін мал ұстауға мүмкіндік болмай тұр ғой. Әйтпесе осы мына Бәйтерек ауылындат ұратын осы халықтың енді 100 проценті демейін, енді әйтеуір 50-60 пайызы мал ұстайды. 

Статистикалық мәліметке сүйенсек, соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облысында жылқы, ірі қара мал мен қой - ешкі 5 пайызға азайған. Оның басты себебі осы жайылым жердің жоқтығы. Қазір ауылдағы ағайынның қолында 900 мыңға жуық мал бар. Бұл ресми мәлімет.  

Анастасия Харламова, ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы:

- Осы жылдың бірінші шілдесіне берілген дерекке қарағанда, облыс бойынша ауылды жердегі 113 мың 400 ауланың 44 мың 900-і ғана мал мен құс ұстайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға кем.

Қазақстанда мал басы соңғы рет 2007 жылы есептелген. Енді ауыл шаруашылығы санағы келесі жылға жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 5,2 млрд теңге бөлінеді. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов