Тасқыннан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге қосымша 22,7 млрд теңге бөлінді

Су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге қосымша 22,7 млрд теңге бөлінді.

Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат тасқын жүрген аумақтардағы жолдарды, сондай-ақ көпірлер мен су өткізгіш құрылымдарды қалпына келтіруге жұмсалады. Атап айтқанда, Қостанай облысында 22 бағытқа ақша бөлінді. Өңірде жолдар, көпірлер және 10-ға жуық су өткізгіш құбыр жөнделеді. Ал Ақтөбе облысында 31 жоба жүзеге асырылады. Солтүстік Қазақстан облысында 10 жол жөнделсе, Ақмола облысында 14 бағыт бойынша  жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бөлінген қаржы су тасқынынан кейін бүлінген жол бөліктерін уақытылы қалпына келтіруге мүмкіндік береді.