Елде орман өрті азайды
Орман демекші, жаз басталғалы бері орман алқаптары мен демалыс орындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 2,5 мыңға жуық адам 26 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Сондай-ақ елде өртті ауыздықтауға 4,5 мың адамнан тұратын 865 мобилдік топ құрылды. Нәтижесінде орман өрті былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3 есе азайған.
Жаз басталғалы бері елде 146 орман өрті тіркелген. Оның 28-і Павлодар облысында болды. Бұл былтырғы жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,5 есе аз. Өңірде өртке қарсы мыңнан аса рейд жүргізілген. Нәтижесінде 170-тен астам құқық бұзушылық анықталып, жалпы 400 мың теңгеден аса айыппұл салынған.
Оразбек Уәлиханов, Павлодар облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:
- Рейдтің басты мақсаты орман алқаптарында тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауы. Қазір түсіндіру ережелері жүргізілуде. Егер де өрт қауіпсіздік ережелерін бұзатын болса тұрғындарымыз, демалушылар айыппұл және ескерту хаттамалар толтыратын болады.
Елдегі мемлекеттік орман қорының көлемі 30 млн гектардан асады. Оның 75%-і облыстық әкімдіктердің теңгерімінде болса, қалғаны комитет қарамағына тиесілі. Қазір орман өртін сөндіру станцияларында 1145 бірлік техника бар. Сонымен қатар ел бойынша былтырғы жылы жаңадан 25 өрт сөндіру автомашинасы, 51 шағын орман өрт сөндіру кешені, 154 трактор, 73 патрульдык көлік, 655 бірлік өртке қарсы жабдықтар алынған. Әр өңірде арнайы мобильдік топтар бар.
ГРАФИКА
1145 - бірлік техника
25 - өрт сөндіру автомашинасы
51 - шағын орман өрт сөндіру кешені
154 - трактор
73 - патрульдік көлік
655 - өртке қарсы жабдық
Ринат Нұрғазин, ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің маманы:
- Қорғаныс министрлігі төтенше жағдайлар министрлігі Ахуалдық орталық құрылуда. Ахуалдық орталықтар астана қаласында боалды. Негізгі басты мақсаты бұл қазіргі таңда Ертіс орманы резерватында, Көкшетау ұлттық паркы, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орман өртін ерте анықтау жүйесі орналасқан. Арнайы мұнаралар орналытылған Олардың ұстінде камералар бар. Ол камералар орман өрті шыққан жағдайда жедел түрде орталық диспетчерлік қызметке өз сигналын береді.
Елде өрт шығу ықтималдығы жоғары аумақтар да бар. Оның қатарына Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Абай облысында кездесетін қылқанжапырақты орман алқаптары кіреді. Жаз басталғалы бір ғана Шығыс Қазақстан облысында мамандар 7 орман өртін сөндірген.
Мәдина Сейітқамза, ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас инженері:
- Орман алқаптарында өрт тудыруы мүмкін заттарды қоқыстарды, әйнектерді қалдырмаңыздар және де өздеріңізбен алып кетіңіздер. Екіншіден орман алқаптарында тағам пісіру үшін мангалдарды немесе басқа да заттарды қолдануға болмайды. Өрт қауіпі жоғары болған кезде орман алқаптарына бармаңыздар.
Өрттің шығуына 90 пайыз жағдайда табиғи құбылыстар әсер етеді. Алайда жалынның адам қолынан тұтанған жағдайлары да көп кездеседі. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған жеке тұлғаға 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал лауазымды, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 30-дан 1500 айлық көрсеткішке дейін әкімшілік жаза тағайындалады.
Әлішер Әли