Арыстанбек Мұхамедиұлының иелігіндегі мүлік мемлекетке қайтарылды

Арыстанбек Мұхамедиұлының иелігіндегі Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт мектебі мемлекетке қайтарылды.

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады. Аталған спорт мектебін сату жөніндегі мәміле жарамсыз деп танылып, сот шешімі заңды күшіне енді. Экс-министрге тиесілі мүлік 1,2 млрд теңге. Cотта спорт мектебінің нарықтық құнын 551 млн теңгеге бағалағаны белгілі болып, заң бұзушылықтары анықталған. Айта кету керек, 7,6 мың шаршы метрді құрайтын әкімшілік ғимараттардың, спорт залдары мен мектеп мүлкіне Арыстанбек Мұхамедиұлымен үлестес тұлғаларға тиесілі "Nomad's Land" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі иелік еткен.