Еліміздегі ең ұзын көпір 80% дайын

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Қазақстандағы ең ұзын көпір 80%-ке дайын, деп хабарлайды 24kz.

Оны жыл соңында пайдалануға беру жоспарда бар. Бұл туралы Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Үкімет басшысына мәлімдеді. Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жол-көлік саласын дамыту жоспарларымен танысып, Бұқтырма су қоймасындағы Күршім көпір өткелінің құрылыс қарқынын тексерді. Премьер-министр жұмысты тезірек аяқтаудың маңызды екеніне тоқталып, көпір шекара маңындағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін атап өтті.

Сонымен қатар жоба аясында ұзындығы 18,6 шақырым болатын көпірге қосылатын жаңа автожол құрылысы да қарастырылған. Бүгінде оның 7,7 шақырымына төменгі жабын қабаты төселген.