Ақтөбе облысында су тасқынында баспанасынан айырылғандарға 511 үй салып жатыр

Ақтөбе облысының 6 ауданында су тасқынында баспанасынан айырылған отбасылар үшін 511 үй салынып жатыр.

Бүгінге дейін 438 жанұяға дайын үйлер сатып алынған. Негізінен су шайып кеткен облыс орталығындағы бау-бақша ұжымдарының тұрғындары қамтылды. Соның бірі Ақмарал Қайдарова. Үш бала тәрбиелеп отырған отбасының бұған дейін тұрған Саяжай аумағындағы баспанасы апатты деп танылған. Сөйтіп, оларға Есет батыр тұрғын алабынан екі бөлмелі пәтер сатып алынды. Балаларын жақын маңдағы мектеп пен балабақшаға орналастырып та үлгерді. Жоспар бойынша алдағы уақытта тағы 65 ақтөбелік жанұя жаңа қонысқа көшеді.

Ақмарал Қайдарова, қала тұрғыны:

- Үйімнің кілті берілді июннің 15-нде, сосын 16-нан бастап көшіп келдім. Бәрі номально, үйді ремонтымен солай берілді. Жақсы, шүкір, ризамын акиматқа.  қиналғанда қасымызда болған, қолдау көрсеткен. Үлкен рахыметімді айтам барша қауымға.