Мемлекеттік IT-сервистердің жұмысында кедергі жоқ

Microsoft операциялық жүйесіндегі ақауды еліміздің Цифрлық даму министрлігі де бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды 24kz.

Қазіргі уақытта мемлекеттік IT-сервистердің жұмысында олқылық байқалған жоқ. Құзырлы ведомство өкілдері барлық ақпараттық инфрақұрылым қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.