Петропавлда тасқыннан зардап шеккен 800 отбасы баспаналы болды
Оларға облыстық қор есебінен екінші нарықтағы үйден 627 пәтер сатып алынды, деп хабарлайды 24kz.
Сонымен қатар «Бірлік» шағын ауданында дайын болған 186 жер үй беріліп, жиһаз сатып алынды.
Еске сала кетсек, биыл қала бойынша табиғи апаттан мың жарымнан аса баспана апатты деп танылған. Қазір су басқан аймақтарда арнайы бригадалар жұмыс істеп жатыр. Олар тұруға жарамды үйлерді жөндеп, қалғандарын сүріп тастайды.
Әсем Айтулова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Бүгінгі таңда қала бойынша 600-ге жуық үй сүрілді. Жаңағы аудандардан келген мехбригадалар толық жұмысты атқарғанша дейін осы қалада жұмыс істейтін болады. Әр мехбригада 5 бригададан, әрбірінде 7 адамнан, яғни, 35 адам бір ауданнан, оның ішінде құрылысшылар бар, жаңағы жұмыс істейтін адамдар бар.