Электромобиль жүргізушілері алыс сапарға кедергісіз шыға алады

Электромобиль жүргізушілері енді ұзақ сапарға еш алаңсыз шыға берсе болады деп хабарлайды 24kz.

«ҚазАвтоЖол» кәсіпкерлермен келісімге келіп, ресбуликалық маңызы бар жолдардың бойына қуаттағыш станция ортануды бастады. Қазір құрылғылардың саны 40-қа жетті. Олар жанармай бекеттерінің жанында орналасқан. Ұлттық компания тағы 16 перспективті аймақты анықтап отыр. Енді осы бағыттағы жұмыс қарқын алады.

Айта кетейік, елде республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы 25 мың шақырымға жетеді.