Утильалымға қарсы петиция қабылданбады
Утильалымға қарсы петиция қабылданбады. Алғашқы тіркеуге қатысты ұсыныс та қолдау таппады деп хабарлайды 24kz.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 50 мың қол жиналған петицияға қатысты осындай мәлімде жасады. Құзырлы министрлік және басқа да мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арнайы жұмыс тобын құрып, утиль алымы мен алғашқы тіркеуге қатысты петицияны жан-жақты талқылады. Қарау барысында барлық заңнамалық талаптар сақталды. Ашық қоғамдық талқылаудың қорытындысы бойынша петиция талаптарынан бас тарту туралы шешім қабылданды.