Балқашта металлургтер марапатталды
Кәсіби мереке қарсаңында балқаштық металлургтер де марапатқа ие болды деп хабарлайды 24kz.
Осы салада түрлі қызмет етіп жүрген 18 маманға «Ерен еңбегі үшін» медалі және «Еңбек даңқы» ордені табысталды. Солардың бірі – Дархан Жүнісов. Оның Балқаш мыс балқыту зауытының электролиздеу цехында жұмыс істеп жүргеніне 25 жыл. Катодты мыс өндірісіндегі жауапты жұмысты бес саусағындай меңгерген білікті маманның кеудесіне бүгін II дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені тағылды. «Қазақстанның құрметті металлургі» атағына бір қадам жақындадым», - деді Дархан Жүнісов.
Дархан Жүнісов, Балқаш мыс балқыту зауытының электролиздеушісі:
- Еңбегімнің еленгеніне рахмет! Мына өзімнен кейінгі жастарға айтатыным, тұрақты түрде жұмыс істесең, нәтижеге жетуге болады. Қарапайым еңбеккерлерге қолдау көрсету керек. Олардың еңбегін бағалау керек. Қарапайым жұмысшы болғанымен, ел экономикасына үлкен үлес қосып жүр.