Алматыда автобус жолақысы қымбаттады

Алматыда қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы 120 теңге болады деп хабарлайды 24kz.

Қалалық мобильділік басқармасының ұсынысын бүгін мәслихат депутаттары бекітті. Жол ақысын көтеру қаладағы 23 тасымалдаушыға жергілікті бюджеттен бөлінетін субсидия мөлшерін 7 миллиард теңгеге азайтуға мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар қоғамдық көліктердің саны артып, сапасы жақсара түседі», - дейді басқарма басшысы. Мысалы биыл қалалық автопарк тағы 800 жаңа автобуспен толығады екен. Тағы бір жаңалық – қоғамдық көліктерде жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу алынып тасталады. Бұл қадам жүргізушіні алаңдатпау мақсатында әрі «көлеңкелі» қаржы айналымын болдырмау үшін жасалып отыр. Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, жолаушылардың 97%-і карта немесе мобильді қосымша арқылы жолақысын төлейді.

Сағындық Телібаев, қалалық мобилділік басқармасының басшысы:

- 2022 жылы біздің автобустың шығуы 89%-тен 93%-ке дейін болып тұратын үнемі. қазір таңда мына 2023 жылы. Осы жаңа автобустарды сатып алғанның арқасында қазіргі таңда бізде автобустардың шығуы 95%-ті көрсетіп тұр. Тұрақтылық дегеніміз, 95% автобустар желіге шығып, аялдамада тұрған адамдарды үйіне жеткізетін автобустар бар деген сөз.