Қазақстан-Беларусь десантшылары оқу-жаттығу өткізіп жатыр
Жетісу облысында Қазақстан мен Беларусь десантшылары бірігіп, оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр деп хабарлайды 24kz.
Дайындық «Бауырластық шыңы-2024» деп аталады.
Негізгі әскери тапсырмалар мен міндеттер барлаушыларға жүктелген. Айлап айла іздеп, жылдап жаттыққан жауынгерлер үшін кез келген кедергі қиын емес. Олар 1,5 тәулік ішінде таулы жерлерде қойылған тосқауылдарға лайықты тойтарыс беріп, тапсырманы абыроймен орындап шықты.