Қостанайда тасқыннан зардап шеккендерге жаңа баспана берілді

Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай қаласы мен Алтынсарин ауылының тұрғындары қоныс тойын тойлап жатыр деп хабарлайды 24kz.

Өңірде жұмыс сапарымен жүрген Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жаңа баспаналардың кілтін табыстады. Облыс орталығында тұратын отбасыларға Қонай шағын ауданынан 14 жеке үй берілді. Көктемде олардың баспаналарын су шайып, техникалық сараптама қорытындысы бойынша апатты деп танылған. Енді тұрғындар барлық коммуникациясы тартылған, аумағы 80 шаршы метр болатын жаңа баспанаға көшті. Оған қоса, жер учаскесі де берілді. Дәл осындай қуанышқа Алтынсарин ауылының тұрғындары да кеңелді. Олар үшін 21 үй салынды. Жалпы облыс бойынша 103 жер үйдің кілті табысталады. Тағы 315 пәтер екінші нарықтағы үйден сатып алынады.