Абай облысында металлургтер күні атап өтілді

Абай облысында металлургтер күні кең көлемде атап өтілді. 

Мерекеге орай Жарма ауданының Әуезов кентінде балалар алаңы ашылып, ангар үлгісіндегі спорт залы қолданысқа берілді. Жергілікті тұрғындарға ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылды. Кәсіби мереке қарсаңында саланың дамуына зор үлес қосқан Бақыршық тау-кен кәсіпорнының қызметкерлері мемлекеттік марапаттарға ие болды. Мерекелік кеш отандық эстрада әншілерінің концерттік бағдарламасымен түйінделді.

Ержан Қадырханов, кен байыту фабрикасының конвейер машинисі:

- Осы беріп жатқан марапатқа біз тке қана рахметімізді айтамыз. Мына алып жатқан марапатымыз бұл енді жалғыз менің ғана еңбегім емес, алып жатқан жастардың да еңбегіне стимул береді.