Түркістан облысында еңбек адамына құрмет көрсетілді
Түркістан облысында да еңбек адамына құрмет көрсетілді.
40 жылдық еңбек өтілі бар Нұрлан Қадырәлиевке «Құрмет» ордені табысталды. Ол еңбек жолын Шымкент механикалық зауытында слесар әрі болат балқытушы боп бастаған. Қазір Орталық Азиядағы ірі машина жасау компаниясында бас болат балқытушы болып еңбек етеді.
Нұрлан Қадырәлиев, «Құрмет» ордені иегері:
- Әскерден кейін қорғасын зауытына кіргенмін 20 жасымда. Содан сол жақта істеп металлургия саласында келе жатырмын. Күннің өзі ыстық 40 градус болса, пештің ыстығы 1700-1600 градусқа дейін, тіпті 1800-ге дейін барады. Сол қиыншылықтары. Енді кез келген жұмыстың қиыншылығы болады ғой өзінің. Қиыншылықсыз болмады ғой. Сол металлургия сондай болады. Ыстық болады да.