Металлургияға қызығатын жастар көп

Жыл басынан бері металлургия өндірісі 8,3%-ке ұлғайды. Бұл – қарапайым еңбеккерлердің тынымсыз еңбегінің жемісі. Елімізде 200 мыңнан астам адам металлургия саласында тер төгіп жүр деп хабарлайды 24kz.

Өмірін металлургиямен байланыстырған отандастарымыздың қатары жыл санап артып келеді. Мәселен, былтыр түсті металлургияда құны 27 млрд теңгеге жуықтайтын бес зауыт іске қосылды. Соның арқасында мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Металлург мамандығын Жезқазған, Ұлытау өңірінің тұрғындары да қастерлі мамандық деп біледі. Аймақта мыңдаған адам мыс балқытып, кен қазып жүр. Солардың бірі – Әсет Қуанышев өмірін мыс зауытымен байланыстырғанына еш өкінбейді. Қарағандыдағы политехникалық университетті тәмамдаған Әсет бес жылдан бері өндірістен қол үзбей келеді. Жас металлургтің айтуынша, кейінгі кезде зауытта жастар қатары көбеюде.

Әсет Қуанышев, мыс балқыту зауыты цехының ауысым шебері:

- Енді мен өзім металлург болғаннан кейін шамалы дайындалып келдім ғой, морально дейді ғой. Өндірісте жұмыс жеңіл емес, сөздің шынын айтқанда. Бірақ адам істегенін адам істейді ғой, барлығы үйреніп. Осы цехта мысалы штатта 200 шақты адам бар. 193 па, 194 па, соның жартысынан көбі жастар. Жастардың көбісі енді, қашып жатқандар аз. Көбісі істеп жатыр.