«Металлургия дами берсін». Астаналықтар ізгі тілектерін жолдады
21 шілде – металлургтердің кәсіби мерекесі.
Өмірі өндіріспен біте қайнасқан кеншілер ел экономикасына еселі еңбек сіңіріп жүр. Ауыр өнеркәсіпте аянбай еңбек еткен жандарға елорда тұрғындары ізгі тілектерін жолдады:
- Қазақстанның қазба байлықтары тау-кен өндіруге, нарыққа шығаруға, Қазақстанның болашағын дамытуға үлкен үлес тигізіп жатыр қазіргі уақытта.
- Біздің экономикамыздың дамуына өте маңызды ғой. Металлургияның бастамасы біздің Қазақстанда болды деуге келеді. Бірақ дамығанда біз тек шикізат жағынан жасап жатырмыз. Тек қана металл қылып. Оны терең өңдеп, машина жасайтын металдар, корпустар, басқа да көптеген зат жасауға болады.
- Жаңа Қазақстан басталғалы бері жаңа металлургиямыз жаңа дәрежеге көтерілер деген ойдамын.
- Дамыған жақсы ғой. Металлургия болса, үйімізді өзіміз саламыз ғой. Дами берсін, ілгері дамысын. Қуаныштымыз. Мейрамдары құтты болсын!