ШҚО-да бірқатар кешеннің құрылысы бітпей тұр
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бітпей тұр.
7 жыл бойы аяқталмай жатқан спорт нысандарынынан ауыл-аймақтағы жұрт әлі де үмітін үзбей келеді. Құрылыстың ұзаққа созылып кетуіне мердігердің қаржылық қиындықтарға тап болуы себеп. Дегенмен биыл жұмыс жалғасып бірсыпыра нысан қолданысқа беріледі, дейді құрылыс басқармасының өкілдері.
Құрылысы 3 жыл бұрын басталған Марқакөлдегі дене шынықтыру кешенінің жай-күйін ақпан айтында көрсеткенбіз. Есік-терезесі үңірейіп, төбесінен су тамшылап, қаңырап тұрған.
- Міне терезе міне шель деген 20см шель жел соққан сайын дірілдейді.
Содан бері жарты жыл өтсе де мәселе баяғы қалпында. Қаңқасы ғана тұрған кешенге техника тұрмақ, бірде-бір құрылысшы келмеген.
- Былтыр ғана салынған терезелер, ауа райына байланысты, желдерге байланысты, жел соққаннан міне құлап, шағылып жатыр
Мұндай аты бар, заты жоқ сауықтыру нысаны өзге ауданда да жетіп артылады. Мынау Үлкен Нарын ауылында осыдан 6 жыл бұрын салына бастаған бассейн. Қазір балалардың арманына айналды.
Азамат Төлеген, оқушы:
- Біздің сыныптағы балалар өзіміз жүзгенді жақы көреміз сондықтан ана жақта көл бар соған түсеміз бірақ алыс,ал мында болса жақсы болар еді, бәрін үйретер еді.
Ұлан ауданында да екі бірдей спорт орталығын салу созылып барады. Дегенмен, өзгелерге қарағанда бұл жақта жұмыс белсендірек. Облыста салынып бітпей жатқан барлық денешынықтыру сауықтыру кешендеріне жалғыз құрылыс компаниясы жауапты болып шықты. Бірнеше жобаны бірден алған кәсіпкердің қаржылық жағдайы құлдырап, шаруасы кері кеткен. Енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан құрылысты бастаған мердігерге тағы бір мүмкіндікерілді.
Саят Тойкенов, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
- Бұл ең дұрыс шешім болды деп санаймыз. Себебі шаруаны тоқтатып, оны басқа мердігерге беретін болсақ, жобалық-сметалық құжат қайта жасалады. Құны да қымбаттайды. Ең бастысы - уақыт жоғалады. Сондықтан осы жауапты мекеменің бастаған ісін толық аяқтап шыққаны бәрімізге де тиімді.
Ең әуелі Ұландағы Таврия, Бозанбай ауылдарында салынып жатқан құрылыс аяқталады. Одан кейін Қатонқарағайдағы кешен салынады. Тек содан барып қана мердігер Марқакөлдегі жұмыс кіріседі.
Арман Молдабергенов, мердігер компания өкілі:
- Үшінші кезекте Марқакөл ауылында жаңадан құрылған ауданда және Үлкен Нарында жұмысты атқарамыз. Осы жыл аяғына дейін соңына дейін бүкіл жұмысты бітіреміз.
Мердігер жыл соңына дейін барлық аудандағы бес нысанды қолданысқа беруді көздейді. Бұл жолы сөзінде тұрмаса, ісі сотта қаралуы мүмкін.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов, Дмитрий Пыхтин