Қазақстанда электромобиль саны артты
Ел енді Қазақстандағы көлік құралдарының статистикасына тоқталсақ.
Елде 5 млн 473 мың 700 автокөлік құралы тіркелген. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, оның 10 пайызға жуығы жүк көліктері. Автобустардың үлесі 2 пайыздан сәл ғана асады. Ал қалған 88 % жеңіл көліктерге тиесілі.
Оның басым бөлігі, яғни 82 пайызға жуығы бензинмен жүреді. Жеңіл көліктердің 7 пайызы дизель отынын пайдаланады. Экологиялық тұрғыдан тиімділігіне қарамастан, газбен жүретін автокөліктің үлесі небәрі 0,2 %. Электромобильдердің де үлесі осының шамасында. Дей тұрғанмен, электр қозғалтқышы бар көлік саны былтырғыдан қарағанда 3 есе өскен. Бүгінде елімізде осындай 10 мыңға жуық көлік тіркеліпті.