Алматыда пойыз билетін сатқан делдалдар ұсталды

Алматыда пойыз билеттерін сатып, жолаушыларға заңсыз қызмет ұсынған делдалдар ұсталды.

Жұрт билет таппай, сабылып жүрсе, кей пысықтар мұны табыс көзіне айналдырған. Жылда жаз мезгілінде қайталанатын бұл жағдайға тосқауыл жоқ па?

Пойыздарға билет жоқ. Қазақстандықтар баратын жеріне уақытылы жету үшін ертерек қамдануды әдетке айналдырған. Ал шұғыл жолға шығуы керек адамдар касса табалдырығын тоздырып жүр.

Блиц:

-  Болса алып кетейін дегем. Қазір билет жоқ Алматыға қарай.

- Кез келген бағытқа Қазақстан бойынша кез келген қалаға кем дегенде 2 апта немесе бір айда билет алмаса жақындағанда билет табылмайды. Өздеріңіз қашан алдыңыздар? Бір ай бұрын.

- Если я хочу поехать допустим с Алматы до Костанай, то билетов скорее всего не найду. Мы заранее взяли. У нас с пересадкой. Мы с Нұрлы жол приехали. Сейчас поедем отсюда в Костанай.

Ерте алмаса билеттер болмайды. Сол үшін саяхат жоспарыңызды алдын-ала жоспарлағаныңызды дұрыс болады деп ойлаймын. Қайда бара жатырсыз? Алматыға бара жатырмын. Қашан алып едіңіз билетіңізді?  Билетімді 10-15 күн бұрын алдым.

Мұндай кезді пысықайлар ұтымды пайдаланады. Олар вокзалға келген көпшілікке "көмегін" ұсынып, пайда көріп жүр. Жақында Алматыда осындай заңсыз қызметпен айналысқандар ұсталды. 

- Досмотрдың артында Айнұр деген келіншектің қасында Динара бар. Сол тауып береді.

- До Астаны сколько?

- 22 мың теңге. Я так продаю. Я не знаю другие как продают.

- К вам всегда можно обратиться?

- Да.

Бұл жағдай жекеменшік кассада орын алған. Қазір аталған мекеме жабылып, деректер құзырлы органдарға жіберілді. Жолаушылар тасымалы компаниясының өкілі делдалдарға жем болмау үшін ресми көздерден сатып алу  керегін ескертеді.

Нариман Дүйсекеев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:

- Қазір 15 цифрлық платформа арқылы билет сатып алуға болады. Одан бөлек билет.рейлуейс.кз сайтында ешқандай комиссиясыз жол жүру құжаты сатылады. Егер сіз қалаған бағытта билет болмаса күту парағына тіркеле аласыз. Кезекке жолға шығудан жеті күн бұрын, тіпті бірнеше сағат қалғанда да тұруға болады. Жыл басынан бері 17 мың билет осы күту парағы арқылы сатылды.

Жауаптылардың айтуынша, билеттің болмауына вагон тапшылығы басты себеп. Қазір ұлттық тасымалдаушының 2150 вагоны бар. Оның 450-і ескірген. 2030 жылға дейін паркті 90 пайыз жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл бағытта отандық және шетелдік компаниялармен келісімдер жасалды.

Серік Селеубайұлы, Ырыстанбек Оспанов