Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе дәлізін ашты
Т916 - Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияны жалғайтын қосымша бағыттардың бірі.
Ол ашылғалы Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға 19 рейс орындалды. Жаңа әуе жолымен Lufthansa Cargo ((Германия)), Cargolux Italy ((Италия)), Nomad aviation ((Швейцария)), Western Global Airlines ((США)) сияқты авиакомпаниялар рейстерді орындайды. Т916 әуе жолының жалпы ұзындығы 2187 шақырым. Оның ішінде борттар 437 шақырым Өзбекстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланса, қалған 1750 шақырым Қазақстан Республикасының аумағының үстімен өтеді.