Жалған ақпарат жарға жығады

Жалған ақпаратқа тұсау салу мүмкін болмай барады.

Әлеуметтік желі беттері де, интернет ресурстары өтірік мәліметке толған. Былтыр 40-тан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Десе де, алаяқтар айылын жияр емес. Енді қайтпек керек?

2019 жыл. 1 сәуірде отандастарымыздың Уатсап мессенджеріне жаңа заң туралы жалған ақпарат жылдам тарай бастады. Әлеуметтік желі де "қазақстандықтардың тегіне "Нұр" сөзін қосу міндеттелді" деген мәліметке толды. Әдепкіде фактчекинг мамандары бұған мән бермей, еріккеннің ермегі деп қабылдаған. Алайда қағытпа шектен шығып, дүйім жұрт дүрліге бастады.

Әділ Жалилов, Factcheck.kz негізін қалаушы:

- Басында бұған күліп қарағанбыз, алайда жалған ақпаратқа сенгендердің қарасы қалың болды. Бәрі ашуланып, сыни пікірлер қалдыра бастады. Сонда біз мұндай жеңіл әзілдің өзін назардан тыс қалдыруға болмайтынын түсіндік. Кез келген жалғанды жоққа шығару керек. Пандемия кезінде де спирт, адыраспанның дәрілік қасиеті туралы сөз кеңінен тарады. Біз ақиқатты алға шығаруға күш салдық. 

Расымен пандемия кезіндегі техникалық спирт туралы қаңқудың кесірінен бір топ ирандық уланып, қаза болған еді. Демек, жалған ақпараттан жаһан түгел зардап шегуде. Казнет те оңып тұрған жоқ. Биыл интернет бетінде 312 материал анықталды. Нақтырақ айтсақ, «Facebook» - 53, «Tiktok» - 70, «Instagram» - 57, «Telegram» - 89, «Youtube» - 19 өтірік мәлімет таралған. Мемлекеттік орган 24/7 бақылау жүргізеді. Ең сорақысы, мамандар мұндай материалдардың жылдан жылға көбейіп жатқанын айтады.

ГРАФИКА:

Интернетте 312 жалған ақпарат анықталды

Facebook – 53

Tiktok – 70

Instagram – 57

Telegram – 89

Youtube – 19 

Мейірбек Төлеміс, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі ақпарат комитетінің басқарма басшысы:

- Анықталған бұзушылықтарды жою үшін онлайн платформалардың меншік иелеріне 145 ескерту хаттары жолданды. Бұдан бөлек

Бекзат Аманов, тілші:

- Жаһандағы технологиялық төңкерісті жалған ақпарат таратушылар тиімді қолданып жатыр. "Фейкті" жеңе алмай, әуре-сарсаңға түсіп жүргенде жалғанның тағы бір жаңа түрі шыға келді. "Дипфейк". Яғни жасанды интелект күшімен танымал тұлғалардың, саясаткерлердің немесе сіздің туысыңыздың даусы мен түрін айнытпай салу. 

Мұндай шабуылға 24 КЗ арнасының жүргізушілері де жиі түседі. Айлакерлер осылай халық сеніміне кіріп, кейін жымысқы әрекетіне басады.

"5-10 жылдан кейін шындықты жалғаннан ажырата алмай қаламыз." Джек Дорсидың әлеуметтік желіге тараған бұл сөзі қалың қарашаны ойландырып қойды. Саланың майын ішіп, жілігін шаққан маман "Тіпті қазірдің өзінде симуляцияда өмір сүріп жатырмыз" дейді. 

Джек Дорси, программист, кәсіпкер:

- Жасанды интелекттың жылдам дамып келеді және оны кез келген адам қолдана алады. Мұның жанама әсері көп. Интернет дипфейктерге толды. Жалған контентті шынайы жұмыстан ажырату күненн күнге қиындап барады. Енді ешнәрсеге сенуге болмайды. Ақиқатты ажыратуды қазірден меңгерген жөн. Алдағы уақытта дипфейкті анықтау мүмкін болмай қалады.

Мұхиттың арғы жағында пайда болған дипфейк сіздің аулаңызға еніп кетуі де әбден мүмкін. Алаяқтар осылай адамдардың сеніміне кіреді. 

Бауыржан Жасболатов, Астана қ. ПД КПБ аға жедел уәкілі:

- Олар өздерінің дауыстары мен бет әлпетін ауыстырып, Ұлттық банк, құқық қорғау және БАҚ тағы басқа да қызметкерлердің дауысын ауыстырып, әртүрлі бейнероликтер арқылы қызықтырып жатады. Әрі қарай алаяқтық схемаға сәйкес олар өздерін жарнамалағандай... 

Айбек Күмісбеков, Stopfake.kz жобасының жетекшісі, саясаттанушы:

- Мемлекет басшысы мен сала жетекшілерінің келбетін мұндай мақсатқа қолдануға жол бермеу керек. Десе де, алаяқтықтың бұл түрі күнде шығып жатады. Біз жоққа шығарып жатырмыз. Бірінші кезекте, платформалар мұндайдың жолын кесу керек. Алгоритмдерді қалпына елтіріп, жалған жарнамаларды өшіріп отыруға тиіс. Әлеуметтік желі басшыларымен осы жөнінде келісім жасау маңызды.

Жалған ақпарат – әлемдік күн тәртібінде соғыспен пара-пар тұрған мәселе. Демек, әр тұрғын ақ пен қараның аражігітн ажыратуға дайын болу қажет. Мамандардың пікірінше, кез келген фейктен қате табуға болады. Шрифт, күн, немесе ведомства атаулары үйлеспей жатады. 

Әділ Жалилов, Factcheck.kz негізін қалаушы:

- Кез келген жалған ақпарат эмоция жаулауға бағытталады. Сонда адамдардың сыни ойлау қабілеті өшеді. Мұндай кезде тыныщталып, логиканы қосқан жөн. Анықтап қарасаңыз, ақиқатты шығаруға болады. Біз он мыңнан астам адамды фактчекингке үйреттік. Негізінен журналис, экономист, шенеунік және сарапшыларды оқытамыз. Ал бәрін оқыту үшін мемлекет күш салу керек. 

Мемлекет жалған ақпаратпен күресу үшін заңды қатаңдатып жатыр. Жуырда ғана арнайы құжатқа Президент қол қойды. Десе де, мамандар осы бағыттағы сауаттылықты арттыруға ден қойсақ дейді. Тіпті мектеп кезінен қолға алуды ұсынып отыр.

Бекзат Аманов