Теміртауда металлургтер марапатталды
Теміртауда металлургиялық комбинаттың 38 жұмысшысы марапатталды.
Оларға «Құрмет», үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін медалі» және Мемлекет басшысының құрмет грамотасы табысталды. Марапат иелерінің арасында ыстық цинктеу цехының учаске бастығы Сергей Денисенко да бар. Ол металлургтер әулетінің өкілі. Қазір зауытта өзі және жары жұмыс істейді. Тәжірибелі металлургтің кәсіпорындағы еңбек өтілі 34 жыл.
Сергей Денисенко, металлург:
- Металлургиялық зауыттағы жұмыс оңай емес. Бірақ қызықты. Нағыз ер азаматтардың жұмысы дер едім. Өндіріске қатысты көп заттан хабарың болуы керек. Ісіңді түсініп, сүйіп істесең міндетті түрде жетістікке жетесің. Алған марапатыма барша әріптестерім лайық дер едім. Себебі бұл ұжымдық жұмыстың жемісі.