МӘМС жүйесінде 31 млрд теңге тиімсіз игерілген
Астанада Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі екі мекеме медициналық жабдықтарды жалға алып отырған.
Ал бірқатар клиникада жекелеген қызметтерге лицензиялардың болмағаны анықталды. Сонымен қатар Медициналық қызметтерге қосарланған төлем алған фактілер тіркелді. Бұл медициналық мекемелерге 179 мың адам бекітіліп, ем алған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның хабарлады. МӘМС жүйесінің мемлекеттік аудит қорытындылары басқа да олқылықтарды көрсетті. Екінші аудит аясында 13 ұйымға тексеру жүргізілген. Жалпы аудит қорытындысы бойынша: 32 млрд теңгеден астам рәсімдік бұзушылықтар және 31 млрд теңгеге қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдалану анықталды. Жіберіп алған пайда 11 млн теңгеден асқан. Медициналық қызметтер мен тіркеулерге қосарланған ақы төлеу фактілері бойынша материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.