Электр қуатының тапшылығы қай мезгілде сезіледі?
Елде электр қуатының тапшылығы энергияны жаппай бір мезгілде тұтынған кезде ғана сезіледі.
Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді. Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, тапшы қуаттың орнын толтыру үшін энергия сырттан импортталады. Бүгінде электр қуаты негізінен Ресейден сатып алынады. Бұл Қазақстанның электроэнергиялық жүйесіндегі тоқ жиілігін қамтып, қуат өндірісі мен тұтынудағы теңгерімді сақтауға мүмкіндік береді. Ал сырттан алдырылатын электр энергиясының құны жеткізілетін уақыты мен нарықтағы факторларға тәуелді.