Өмірді сақтандыру компаниялары қазақстандықтарға ₸11,8 млрд төледі
Жыл басынан бері өмірді сақтандыру компаниялары қазақстандықтарға 11 млрд 800 млн теңге төледі.
Қаржы нарығын зерттеу мамандарының есебіне сүйенсек, бұл былтырғыға қарағанда 64%-ке көп. Барлық сақтандыру төлеміне шаққандағы үлес салмағы 9,6% құрап отыр. Бұдан бөлек, жиналған сыйақы мөлшерінің әжептәуір артқанын байқауға болады. Қазір ол 26,2%-ке өсіп, 94 млрд теңгеге жеткен.
Айта кетейік, өмірді сақтандыру компанияларының қызметі банк депозитіне ұқсас. Олар жинақтаушыларға оқу және зейнетке шығу үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді.