Жемқорлық: спортты дамыту дирекциясының басшысы мен қызметкері сотталды
Халық қаржысына қол салған жемқорлар сотталды, деп хабарлайды 24KZ.
Олимпиада түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының басшысы бюджеттен 60 млн теңгені жымқырып, қарамағындағы қызметкерлерден 4 млн теңге пара алған. Құйтырқы амалын жүзеге асыруға дирекцияның өзге жұмысшысы көмектескен. Сыбайластар спорт залдарды тегін алу мүмкіндігі бола тұра жалдау бойынша жалған келісімшарт жасаған. Осылайша, шығындарға бөлінген қаржыны қалтасына басып отырған. Сот үкімімен мекеме басшысы 5, ал оның қызметкері 4 жылға бас бостандығынан айырылды.