Қазақстанның топ-5 курорттық аймағы анықталды
Жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанның курорттық аймақтарында 766 588 адам демалған.
Саяхатшылар еліміздің қандай курорттық аймағында болды және қайда демалды? Туризм және спорт министрлігі ең танымал бағыттарды атады. Назарларыңызға үздік бестікті ұсынамыз.
Сонымен 1 орында – Алматы тау кластері. Бұл – туристерді ең көп қабылдаған курорттық аймақ. Оның табиғаты мен тау пейзаждарын 551 мың адам тамашалады.
2 орында Щучье-Бурабай курорттық аймағы тұр. Көкшетаудың көлдері мен ормандары 69 мың саяхатшыны таңғалдырды.
3 орын Маңғыстау курорттық аймағына тиесілі. Каспий теңізінің жағалауы 57 мың туристің демалатын орнына айналды.
4 орын – Түркістан курорттық аймағы. Түркістанның бай тарихы мен мәдени мұрасын 26 мың қонақ тамашалады.
5 орында Алтай курорттық аймағы тұр. 2024 жылдың алғашқы 3 айында көрікті аймаққа 20 мыңнан астам турист барған.