Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігін бақылауды күшейтті
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі оқыс оқиғалардың қайталануын алдын алуға ден қойды, деп хабарлайды 24KZ.
Мәселен, компаниялардың қызметін тоқтата тұру, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарының күшін уақытша жою, заңнама талаптарын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту шараларын күшейтеді. Сондай-ақ Азаматтық авиация комитетінің тапсырмасына сәйкес пайдаланушыларға Ан-2 үлгісіндегі барлық әуе кемесіне қосымша бағалау жүргізу, авиациялық қызметкерлердің ұшуды орындауға дайындығын бақылауды күшейту және басқа да алдын алу шаралары мәселелері бойынша нұсқаулар берілді.