Қуандық Бишімбаев аса қауіпсіз түзету мекемесіне жазасын өтеуге жіберілді

Экс-министр Қуандық Бишімбаев қауіпсіздігі жоғары мекемеге жіберілді.

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады. Ресми мәлімдемеде сот үкіміне сәйкес сотталушы қатаң колонияға жіберілгені және сол жерде жазасын өтейтіні айтылған. Естеріңізге сала кетсек, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев жары Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді.