Маңғыстауда шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу азаймай тұр
Маңғыстау облысында шомылуға тыйым салынған орындарда суға түсушілер қатары азаймай отыр.
Тек жаз басталғалы 75 адамға қатысты шара қолданылған. Нәтижесінде олар 1 млн. 200 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. Құтқарушылардың айтуынша, өңір тұрғындары шомылуға болмайтын жерлерге балаларымен де келген. Тіпті, түн мезгілінде де суға түсуді әдетке айналдырған. Ал облыс бойынша шомылуға тыйым салынған 10 орын бар. Оның үшеуі Ақтау қаласының аумағында. Облыстық ТЖД басқарма бастығы Ратбек Демеубергеннің айтуынша, өзен-көлдердің жағасындағы қауіпсіздікті қадағалау күн сайын жүргізіліп келеді.
Ратбек Демеуберген, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
- Осы рейдтік іс-шаралар кезінде департаментпен 50 адам құтқарылған болатын. Алайда өкінішті статистикаға қарайтын болсақ, қазіргі таңда 9 адам қаза болды су айдандарында Маңғыстау облысы көлемінде. Оның ішінде үш бала.