Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтініш қабылдау басталды

Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтініш қабылдау басталды.

Бұл жолы 1 миллион теңге көлеміндегі қайтарымсыз қаражат пәтер кезегіндегі 300 отбасына беріледі. Әлеуметтік қолдауға көпбалалы отбасы мен асыраушысынан айырылған және ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-анасы ие болады. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдар мен мемлекеттік қызметшілерге тағайындалады. Олардың өтініші баспанамен қамту операторы арқылы келісіледі. Яғни ипотекалық шартқа төлем қабілеті расталса, мемлекеттік бағдарлама аясында салынған жаңа баспаналар ұсынылады. Тұрғын үй сертификаты баспананың алғашқы жарнасын өтеуге беріледі. Қазір мегаполисте пәтер кезегінде 49 мыңнан аса адам тұр.  

Көпжан Төлебаев, қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары:

- Жалпы жыл басынан бері 200 млн теңге 200 отбасыға тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қарастырылған. Ол игеріліп, 218 отбасыға берілген. Биыл қосымша тағы 300 млн теңге 300 отбасыға қарастырылды.