Алматыны абаттандырудың жаңа ережесі бекітілді

Алматыны абаттандырудың жаңа ережелері бекітілді.

Қалалық мәслихаттың шешімімен қабылданған норма бойынша әр адам тазалықты сақтауға, көгалдандыруға міндеттеледі. Мысалы бұдан былай бұқаралық шараны ұйымдастырушылар тазалыққа да жауапты болады. Көгалдандырудың арнайы құжаты жасақталады. Онда көгалдардың, қасбеттердің жай-күйіне, пандустар, қоршаулар сынды барлық көше элементтерін жабдықтауға қатысты талап жазылады. Жобаның басты мақсаты – тұрғындарға қауіпсіз, ыңғайлы және экологиялық қолайлы орта құру.

Дулат Әшкенов, коммуналды инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы:

- Жаңа ереже аясында жергілікті атқарушы органдар негізгі бақылаушы болады. Мысалы, жергілікті бюджеттен көгалдандыру жүргізіліп, оны күтіп баптау заңды тұлғаларға міндеттеледі. Екіжақты келісім аясында әр заңды тұлға немесе жеке тұлға өзіне берілген аумаққа жауапты болады. 2013 жылдан бері қолданылмай қалған ереже жаңаланған нұсқасы тамыз айынан бастап іске қосылады.