Шегірткеге қарсы 2,8 млн гектар жер өңделді
Елде шегірткеге қарсы 2,8 млн гектар аумақ өңделді.
Осылайша жауаптылар улау жұмысын болжанған көлемнен де асыра орындадық деп хабарлады. Барлығы 15,8 млн гектар зерттелген. 13 облыста жұмыс толығымен аяқталды. Бұл Абай, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу облысы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Түркістан өңірлері. Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында италиялық шегіртке түріне қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда.