«СК-Фармация» компаниясынан сыбайластық әрекеттер анықталды

«СК-Фармацияда» дәрі-дәрмектерді сатып алу аукциондарының жартысынан көбінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тіркелді.

Жеңімпаз тек бір өтініммен анықталған. Оған қоса тендерді ең қымбат бағамен жеңген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі хабарлады. "СК-Фармация" өнімдерді жоғары бағамен алып қана қоймай, отандық өндірісті дамытуға ниеті жоқ компаниялармен жұмыс істеген. 8 қазақстандық өндіруші шетелдік шприц, йод және медицналық қолғаптар жеткізгені анықталды.Келтірілген шығын көлемі 6,5 млрд теңгеден асуы мүмкін. Оның үстіне жұмыс істемейтін қызметкерлерге еңбекақы, сыйлықақы, тіпті іссапарға қаржы төленіпті. Компанияға жұмысқа орналасу ісінде де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Данияр Бекайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің ресми өкілі:

- 2020-2023 жылдардағы аукциондардың қорытындысы бойынша үнемдеудің едәуір үлесі (81%) барлық лоттардың 8%-ы есебінен ғана қалыптасты (6513-тен 567-сі). Әрбір үшінші лотта (1969 немесе 30%) бағаның төмендеуі мүлдем болған жоқ (0-ден 30 тиынға дейін). Делдал-жабдықтаушылардың аукционның бірінші қадамына қатысудан жиі бас тартуы, оларға жұппен қатысу және «жеңістермен алмасу» картельдік келісімнің кеңінен қолданылуын көрсетеді. Бұл ойдан шығарылған бәсекелестікті құру және сатып алу бағасын ұстап тұру үшін жасалады.