Жетісуда мемлекеттік қызметкерлер жазаланды
Салаға салғырттық танытқан жетісулық мемлекет қызметшілері жұмыстан босатылып, бірқатары сөгіс алды деп хабарлайды 24kz.
Жетісу облысында әкімдіктің мамандары тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және инженерлік желілерді тартуда жайбасарлық еткен. Сол себепті дайын тұрған баспана халыққа уақытылы берілмеген. Сондай-ақ Панфилов ауданында төрт 60 пәтерлі және екі 80 пәтерлі тұрғын үй 1,5 жылдан астам уақыт бос тұрған. Қонысжайдың жалпы құны 5,8 млрд теңге. Олардың олқылығы аудит нәтжесінде анықталып, өңір басшысына жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс берілген. Нәтижесінде 2 адам қызметінен босатылды, тағы 6 адам сөгіс алды, 2 адам ескертумен шектелді. Сонымен қатар 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.