Елімізде 7000-ға жуық колледж студентіне жатақхана жетіспейді

Колледж студенттеріне 8 жаңа жатақхана пайдалануға беріледі, деп хабарлайды 24kz.

7 мыңға жуық колледж студентіне жатақхана жетіспейді.

Әсіресе, Ақмола мен Алматы облыстарында тапшылық бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Мәселені жою мақсатында ведомство алдағы 3 жылда тиісті нысандарды саламыз деп отыр. Мәселен биылғы жоспарға сай 10 мыңнан астам орынға есептелген 27 жатақхана пайдалануға беріледі. Оның 8-і колледж студенттеріне арналған. Қалғаны жоғары оқу орындарына тиесілі. Бес жыл бұрын 50 мыңнан астам орынға 211 жатақхана салынған еді. 83-і колледждерге тапсырылған болатын.

2018-2023 жылдары

211 жатақхана ( 50 966 орын ) – ЖОО 128 жатақхана ( 34 296 орын ) Колледж 83 жатақхана ( 16 670 орын )

2024 жыл

27 жатақхана ( 10 576 орын ) – ЖОО 19 жатақхана ( 8 473 орын) Колледж 8 жатақхана ( 2103 орын ).